Сәлеметсіз бе! Менің есімім Мөлдір Аманғазықызы. Мен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының доценті , философия докторымын (PhD).
Менің негізгі мақсатым — бакалавриат студенттеріне , оқытушыларға және ғылым саласының қызметкерлеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын (мақала , тезис , дипломдық жоба және т.б.) сауатты жазуды үйрету.
Осы «Академиялық жазылым» курсында біз ғылыми стиль , ақпаратпен жұмыс , дәлелдемелерді қолдану және плагиаттан аулақ болу тақырыптарын терең талқылаймыз.