Назымбетов Бақытбек Бегалиевич – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2008 жылдан бері аға оқытушысы. Автомобиль жүйелері, олардың құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін оқытуда мол тәжірибесі бар. Бақытбек Бегалиевич автомобиль саласындағы техникалық қызмет көрсету, диагностика, ақауларды анықтау және оларды жою бойынша білімін студенттерге жетік әрі түсінікті түрде жеткізе алады. Оқытушы ретінде ол студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға ерекше назар аударады.